USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



ЕО Иранның ядролық бағдарламасын шешуге бағытталған келісімді орындауға шақырды

  • 94
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
ЕО Иранның ядролық бағдарламасын шешуге бағытталған келісімді орындауға шақырды

Еуропалық Одақ Иранмен ядролық келісімге қол қойған барлық тарапты қабылданған шешімдерді орындауға шақырды.

Бұл туралы Брюссельде Ұлыбритания, Германия, Франция және Иран сыртқы істер министрлерімен кездесу кезінде Еуроодақ дипломатиясының басшысы Федерика Могерини мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 2015 жылы АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция және Германия елі Иранның ядролық бағдарламасын шешуге бағытталған келісімге қол жеткізген болатын. Оның нәтижесінде тараптар бірлескен іс-әрекет жоспарын қабылдады. Құжатқа сәйкес БҰҰ, АҚШ және Еуропалық Одақ Тегеранның ядролық бағдарламадан бас тартқаны үшін осы мемлекетке салынған экономикалық және қаржылай санкцияларды алатын болып келіскен еді.

Федерика Могерини, ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы комиссары:

– Келісімшарт негізінде алға қойылған мақсаттар орындалып жатыр. Иран ядролық бағдарламасы мұқият бақыланып отыр. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің 9 баяндамасында Иранның өзіне алған міндеттерді толық орындап жатқаны да айтылды. Келісімнің жүзеге асуы Иранның ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта дамып отырғанының кепілі. Тағы айта кететін жайт, бұл мәселе мен үйлестіретін бірлескен комиссия отырысында да әрдайым талқыланады. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top