USD 327.92

EUR 398.12

РУБ 5.25

Биыл Нигерияда тайпалардың өзара қақтығысынан 73 адам қаза тапты

Биыл Нигерияда тайпалардың өзара қақтығысынан 73 адам қаза тапты

Нигерияда соңғы бірнеше жылда тайпааралық қақтығыстар өршіп, биыл жыл басталғалы қарулы текетірестен 73 адам қаза тапты.

Осыған байланысты Макурди қаласында жаппай жерлеу рәсімі өтті. Төтенше жағдай мал бағумен айналысатын фулани тайпасы мен отырықшы фермелердің жерге таласынан туындап отыр. Мұндай оқиғалар көбіне Бенуэ штатында тіркеледі екен. Өйткені жайылым жерлердің шөлге айналуынан малшылар елдің оңтүстігіне қарай ауып, жер игерумен айналысатын басқа тайпалардың наразылығын туғызған. Содан ол қарулы қақтығысқа ұласып, жыл сайын жүздеген адам опат болуда.  Жалпы бұл мемлекетте 250 этникалық топ өмір сүреді.

Самуэль Ортом, Бенуэ штатының губернаторы: 

- Біз қақтығысты тоқтату үшін ел президентімен бірге жұмыс жасауға дайынбыз. Және де оның бұл мәселені шешу үшін аймаққа қосымша әскер мен полиция жібергеніне алғысымызды білдіреміз. Қылмыскерлерді ұстау үшін барлау мәліметтерін беруге дайынбыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде