369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Lactalis компаниясының айналасындағы дау: құрғақ сүт құрамынан бактерия табылды

  • 277
  • UPD: 17:12, 13.01.2018
Lactalis компаниясының айналасындағы дау: құрғақ сүт құрамынан бактерия табылды

Францияның сүт өндіретін Lactalis атты концерні дау астында қалды.

Компания Краон коммунасында зауытта өндірілген құрғақ сүт партиясын сөрелерден қайтарып алуға мәжбүр. Өнім құрамында сальмонелла бактериясы бар деген күдік түрткі болған. Бұл туралы елдің экономика министрі Брюно Ле Мэр мәлім етті. Ол сонымен қатар концерн басшылығына осы жағдайдың мән-жайын анықтап, себебін жария етуді талап етті. Қазірдің өзінде Испания мен Грекия елдерінде емшектегі балалардың сальмонелла жұқтырғаны тіркелген. Lactalis концернінің өнімдері әлемнің 65 еліне жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін француз билігі былтырғы ақпан айынан бері жасалған құрғақ сүттің 12 миллион данасын кері қайтарған. Бірақ тыйымға қарамастан, сүт әлі сатылымда екені белгілі болды. Қазір зауыт осы жағдайға байланысты уақытша жұмысын тоқтатты.

Брюно Ле Мэр, Францияның экономика министрі: 

- Концерн Краонда жасалған өнімдердің барлығын сөрелерден алып тастауы тиіс. Қанша елге жіберілсе, солардың бәрі де кері қайтарылуы керек. Мұндай қадамның басты мақсаты – іркіліс пен адами факторлардың алдын алу.

Хабар 24 телеарнасы