USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Қытайда кеме апатына ұшыраған екі адам табылды

  • 99
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қытайда кеме апатына ұшыраған екі адам табылды News Front

Қытайда құтқарушылар панамалық мұнай танкерінің экипаж құрамында болған екі адамның денесін тапты.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары жариялап жатыр. «Бұған дейін бір адамның денесі табылды» деп хабарланған болатын. Қазір оқиға орнында жергілікті, жапон және оңтүстіккореялық 13 кеме құтқару-іздестіру жүргізіп жатыр. Иранға тиесілі панамалық Санчи танкері қаңтардың 6-сы Шығыс Қытай теңізінде гонконгтік құрғақ жүк таситын кемемен соқтығысқан еді. Мұнай тасығыштың бортында 32 адам болған, олардың 30-ы Иран азаматтары, ал қалғаны бангладештіктер. Ал гонконгтік кеме бортында болған 21 адамның барлығы да құтқарылды. Қытай Халықтық Республикасы апат болған жерге дереу құтқару кемелерін, ал Оңтүстік Корея кеме мен тікұшақ, АҚШ патруль ұшағын аттандырған.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top