USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Америкалық азамат лотереядан 451 миллион доллар ұтып алды

  • 216
Америкалық азамат лотереядан 451 миллион доллар ұтып алды

Флорида штатындағы Порт-Ричи қаласының 20 жастағы тұрғыны Шейн Мисслер «Mega Millions» лотереясынан 451 миллион доллар ұтып алды.

Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. Белгілісі: билет шағын дүкеннен сатып алынған. Оны сатқан ритейлер де бонус ретінде 100 мың долларға ие болды. Джекпот Америка тарихындағы ең ірі ұтыс тізімінде тоғызыншы орында тұр. Жолы болған жігіт ұтыстың түгелдей төленуін сұраған. Бұл жағдайда ол тек 282 миллион долларды ала алады екен. Ал лотерея ережесі бойынша, төлем 30 жыл бойы жүйелі түрде жүргізілсе ғана ұтыс толықтай беріледі. Олжаға кенелген Шейн Мисслер жұмысын тастап, енді басқа қалаға қоныс аудармақ.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде