USD 326.17

EUR 402.05

РУБ 5.34

Грекиялықтар биліктің ереуіл өткізуге шектеу салатын заңына қарсы шықты

  • 147
Грекиялықтар биліктің ереуіл өткізуге шектеу салатын заңына қарсы шықты

Грекия астанасы Афинада билікке қарсы ереуіл өтті.

Шеруге шыққандар үкіметтің елде ереуіл өткізуге шектеу салатын заң қабылдағанына наразы. Жаңа ереже бойынша енді кәсіподақ басшылары ереуіл өткізу үшін ұйымға мүшелердің жартысынан көбінің келісімін алуы керек. Бұған дейін тек 30 пайызы мақұлдаса болды, наразылық акцияларын ұйымдастыруға еркі болатын. Билік өкілдерінің айтуынша, жаңа заң елдегі бей-берекет ереуілдерді азайтып қана қоймай, жұмыс уақытының тиімді пайдаланылуына септігін тигізеді. Ал наразы топ бұл қадам жұмыскерлердің құқығын шектеу деп сынға алды. Сөйтіп парламент ғимаратына басып кіруге талпынды. Тіпті өздерін тоқтатпақ болған тәртіп сақшыларымен қақтығысты. Ашынған топты тарқату үшін полиция көз жасаурататын газ қолданған. Мәліметтерге қарағанда, наразылық акциясына 20 мыңдай адам қатысты.  

Хабар 24 әлеуметтік желілерде