USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Бинали Йылдырым: Идлибтегі шабуыл жаңа көші-қон ағынын тудырады

  • 98
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Бинали Йылдырым: Идлибтегі шабуыл жаңа көші-қон ағынын тудырады

Сирияның Идлиб провинциясындағы жиілеген қарулы қақтығыстар жаңа көші-қон ағынын тудырады.

Бұл туралы Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлімдеді. Ол Астана процесі аясында Сирия дағдарысын реттеуші Ресей мен Иранды Идлибтегі шабуылды тоқтатуға шақырып отыр. Осыған дейін Түркияның сыртқы істер ведомствосы да кепілгер мемлекеттер ұрыс қимылдарын тоқтату режимін бірлесе күшейту қажеттігін атап өткен болатын. Бұл мәселе ресми Анкара үшін өте өзекті. Өйткені 2 миллионнан аса тұрғыны бар Идлибте жағдай ушығып кетсе, Түркияның оңтүстік өңіріне ағылатын мигранттар нөпіріне тосқауыл жасау қиындай түспек. Қазірдің өзінде түрік еліне бас сауғалаған сириялық босқын саны 3 миллионға жуықтапты.

Бинали Йылдырым, Түркия Республикасының премьер-министрі: 

- Идлибте шабуылдардың үдей түсуі жаңа көші-қон ағынына түрткі болғалы тұр. Жергілікті халық та  қайғы-қасірет шегеді. Миллиондаған адам тұратын жерде лаңкестік топтар мен қарапайым азаматтарды қалай айыра аласыз? Бұл шабуылдар бейбіт келіссөздердің бұзылуына әкеліп соғары анық. Сондықтан Ресей Федерациясы мен Иран Сирия үкіметі режиміне ескерту жасауға міндетті.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top