USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Түркияда Pegasus ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті

  • 93
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Түркияда Pegasus ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті Фото: ntv.com.tr

Трабзонның әуежайында Анкарадан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті.

Бұл туралы Ntv Haber хабарлады.

Трабзон мэрі апаттан жараланғандардың жоқ екендігін мәлімдеді. Жолаушылар мен экипаж мүшелері эвакуацияланды. Сақтық шарасы мақсатында 11 жолаушы Трабзон ауруханасына жеткізілді. 

Айта кетейік, Анкарадан Трабзона бағыт алған Pegasus әуекомпаниясына тиесілі ұшақ 162 адамға шақталған. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top