USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

Гавайлықтарға зымыран соққысы туралы жалған хабар берілген

Гавайлықтарға зымыран соққысы туралы жалған хабар берілген

АҚШ-тың Гавай аралдарында аймаққа баллистикалық зымыран жақындап келе жатыр деген жалған ақпарат тарап, елдің зәресін ұшырды.

Дабыл арал тұрғындарының ұялы телефонына таңғы сағат 8-ден өте жіберілген. Онда «Гавайға зымыран тақап қалды, дереу арнайы орынға тығылыңыздар» деген хабар болған. Осыдан кейін көптеген адам үрейленіп, қауіпсіз жерлерге барып паналған. Бірақ 18 минут өткен соң оның жалған екені хабарланды. Оқиғаға байланысты штат губернаторы Дэвид Айдж қателіктің қызметкер тарапынан болғанын айтып, халықтан кешірім сұрады. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, АҚШ-тың Гавай аралдарында өткен жылдың желтоқсан айында қырғи-қабақ соғыс жылдарынан бері алғаш рет ядролық шабуылға қатысты дабыл жүйесі қосылған болатын. Ол Солтүстік Корея тарапынан төнген қауіпке байланысты қолға алынды.

Дэвид Айдж, Гавай штатының губернаторы: 

– Төтенше оқиға жұмыстағы ауысым кезінде бір қызметкердің басқа бір түймешені қателесіп басып қойғанынан болды. Біз алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін қажетті шараларды қолға алып, жүйені жақсарту жағын қарастырамыз. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде