USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

Тунисте әлеуметтік жәрдемақы сомасы өсетін болды

Тунисте әлеуметтік жәрдемақы сомасы өсетін болды

Тунис билігі елдегі наразылық шерулерінен кейін тұрмысы төмен жанұяларға төленетін әлеуметтік өтемақы көлемін ұлғайтатынын болып шешті.

Осы мақсатта бюджеттен 70 миллион доллар бөлінбек. Ол тұрмысы төмен отбасылардың баспана алуы мен әлеуметтік көмекті өсіруге жұмсалады. Үкімет мүшесінің айтуынша, жаңа бағдарламаның арқасында 250 мың отбасы қаржылай қолдауға ие болады.

Айта кетейік, Тунисте өткен жексенбі күні биліктің бюджет дефицитін азайту мақсатында салықтарды өсіріп, бағалардың қымбаттауына байланысты халық шеруге шығып, соңы полициямен қақтығысқа ұласқан. Салдарынан бірнеше адам көз жұмып, 100-ге жуық полицей жарақат алды. Осы оқиғаға қатысты ел президенті Беджи Каид Эс-Себси партия, кәсіподақ және басқа да қоғамдық ұйымдармен шұғыл кездесу өтікізіп, туындаған мәселені талқылаған болатын.

Мухаммед Трабелси, Тунистің әлеуметтік істер  жөніндегі министрі: 

– Үкімет халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында бірқатар шараны қолға алатын болып шешті. Мысалы, тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік өтемақы көлемі қазіргі 150 динардан 180-210 динарға дейін көтеріледі. Сондай-ақ барлық тұрғын енді кепілдендірілген дәрігерлік көмек ала алады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде