USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Бейжіңде экологиялық қауіптің сарғылт-қызыл деңгейі жарияланды

  • 86
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Бейжіңде экологиялық қауіптің сарғылт-қызыл деңгейі жарияланды

Қытай астанасында биыл ауаның ластануы қайтадан белгілі мөлшерден асып, қауіп деңгейі сарғылт-қызыл түске көтерілді.

Мемлекеттік қоршаған ортаны бақылау орталығының мәлімдеуінше, түтін Бейжіңмен бірге Шаньдун, Шаньси және Хэнань аймақтарын да тұмшалаған. Осыған байланысты билік балалар мен қарт адамдардан көшеге шықпай, үйде отыруға кеңес берді. Сондай-ақ қалалардағы кей құрылыс жұмыстары тоқтатылып, жолдар жабылды. Ал сарапшылардың айтуынша, ауаның ластануына жеке тұрғын үй секторларының от жағуы себеп.

Айта кетейік, қараша айының бас кезінде де Қытай астанасын бірнеше күн түтін басып, ауаның ластануынан туындаған қауіп жоғары деңгейге дейін көтерілген еді.

Бейжің тұрғыны:

– Түтін алдымен қарт адамдар мен мен балаларға қауіпті. Егде адамдардың ауруларын қоздырса, балалардың дамуына кері әсер етеді.

Бейжің тұрғыны: 

Қазір қыс мезгілі, оның үстіне соңғы бірнеше күнде жел тұрып, аспан ашық болған. Бірақ шаһарды түтін қайта тұмшалап, адамдардың көңіл күйін жабырқатып тастағандай. Жуырда ауа қайта тазаратын шығар деп үміттенемін.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top