USD 326.17

EUR 402.05

РУБ 5.34

Палестинаны азат ету ұйымы ислам мемлекеттерінен қаржылай көмек сұрады

Палестинаны азат ету ұйымы ислам мемлекеттерінен қаржылай көмек сұрады

Палестинаны азат ету ұйымының атқару комитеті АҚШ-тың қаржылай көмекті тоқтататыны туралы мәлімдемесінен кейін ислам мемлекеттерінен қолдау сұрады.

Ұйым басшылығының айтуынша, ол халықтың мұң-мұқтажына, қаза тапқандар мен жапа шеккендердің отбасыларына және босқындарға жәрдем көрсету үшін қажет. Осымен қатар ұйымның атқару комитеті БҰҰ аясында тәуелсіз Палестина мемлекетін құру үшін халықаралық конференция өткізуге шақырды. 

Айта кетейік, президент Дональд Трамп желтоқсан айының бас кезінде Иерусалимді Израиль астанасы деп танып, елшілігін сол шаһарға көшіретінін мәлімдеді. Және де ресми Вашингтон БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек беру жөніндегі агенттігіне бөлінуі тиіс 125 миллион доллар қаржыны тоқтатып тастаған. Өйткені Ақ үй басшысының ойынша, Палестина тарапы Израильмен бейбіт келіссөз жүргізуге ниетті емес. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде