USD 344,58

EUR 401,20

РУБ 5.50

Ирак астанасы Бағдадта теракт болды

Ирак астанасы Бағдадта теракт болды Lenta.ru

Ирак астанасы Бағдадтың солтүсік ауданында жарылыс болып, 8 адам қаза тапты.

Тағы он шақты кісі жараланды. Жапа шеккендер арасында бірнеше полицей бар.

Терактіні беліне жарылғыш зат байлаған жанкешті жасаған. Әзірге шабуылды ешбір лаңкестік ұйым мойнына алған жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Бағдад қаласында соңғы рет ірі лаңкестік шабуылдар қараша айында жасалған болатын. Ол кезде де терактіні беліне жарылғыш затты байлап алған содырлар жүзеге асырған. Ал жарылыстан ондаған адам көз жұмып, жүзден астамы жарақат алған еді.

 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде