USD 327.79

EUR 398.12

РУБ 5.23

Израиль әскерилері ХАМАС туннелін жарып жіберді

Израиль әскерилері ХАМАС туннелін жарып жіберді

Израиль әскерилері Газа секторының жасырын туннелін жарып жіберді.

Палестиналық жауынгерлер салған туннель еврей мемлекетінің ауданында салынған.

Инфрақұрылым ХАМАС қозғалысына тиесілі. Израиль әскері баспасөз мәслихатының хабарлауынша, бұл жерасты жолы елдің тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді және азаматтардың өміріне қауіпті. Туннельді жару барысында ешкім зардап шекпеген.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

– Әскерилер Газа секторындағы ХАМАС тобына тиесілі туннельді жарып жіберді. Израильге жүйелі түрде жасалған шабуылдарға жауабымыз осы. Хамас лаңкестері мұндай шабуылдарға жол бермейтінімізді түсінуі керек, қолдан келгенді жасайтынымызды айтқым келеді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде