USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

Түркия әскерилері Сириядағы күрд жасақтарын атқылады

  • 160
Түркия әскерилері Сириядағы күрд жасақтарын атқылады

Түркия әскері Сирияның Африн қаласы маңындағы күрд жасақтарына қарсы операцияны бастады.

Бұл туралы осы елдің Қорғаныс министрі  мәлімдеді. Әзірге түрік әскері ауданды тек ауыр зеңбіректермен атқылады. Соңғы мәліметке қарағанда күрдтердің «Халықтық өзін-өзі қорғау» тобының бекіністеріне 10-нан астам соққы берген. Бұған дейін Түркия арнайы бөлімдерін шекараға шоғырландырған еді.

Сондай-ақ ақпарат құралдарының хабарлауынша, Анкара Африн маңында орналасқан ресейлік әскерилердің қауіпсіз жерге орын ауыстыруы туралы уағдаластыққа қол жеткізген. Ал осы «Сирияның шекара қауіпсіздігі күзеті» деп аталатын күшті құрған АҚШ болса, Түркияның бұл әрекеті аймақты тұрақсыздандырады деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, ресми Анкара бұған дейін АҚШ-тың бұл бастамасын қолдамайтынын айтып, әскери операция бастайтынын мәлімдеді. Өйткені Түркия бұл құрылым елге қауіп төндіреді деп отыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде