Токиода роботтар көрмесі ашылды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Токиода роботтар көрмесі ашылды

  • 441
Токиода роботтар көрмесі ашылды

Жапония астанасында роботехникаға арналған ірі көрме ашылды. Оған 200-ге жуық компания қатысып, қонақтарға осы саладағы ең соңғы жетістіктерді паш етті.

Мысалы, көрмеге қойылған роботтың бірі киімдерді 2 минуттың ішінде жинай алады. Ал қытайлық компания жасап шығарған қызметші құлтемір болса, Жапонияда көпшіліктің сұрауына ие болатынына күмән жоқ. Себебі қартайып бара жатқан күншығыс елі үшін жұмысшы күшінің жетіспеушілігі барған сайын өткір сезіліп отыр. Соңғы уақытта елдегі кейбір әуе компаниялары мен сауда және мейрамхана желілері осы түйткілдің кесірінен кеңеюді кейінге қалдырған. Сондықтан қазір бұл мәселені көмекші құлтемірлер арқылы шешу көзделген.

Ал мамандардың айтуынша, роботтар индустриясы 2030 жылға қарай 8 есе өседі. 

Кодзи Вада, көрмеге қатысушы:

- Мына робот киім-кешекті менің әйелімнен артық жинайтын сияқты. Болашақта құлтемірлер мен адамдар арасында бәсекелесітік орнайды деп ойлаймын.

Сигеру Уяма, роботтар жасау компаниясының өкілі:

- Егер қызметкерлер роботтар орындай алмайтын күрделі жұмыстарды жүзеге асыруға жұмылдырылса, біз жұмысшы күшінің тапшылығы мәселесін шеше аламыз деп сенемін.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде