АҚШ-тағы Азаттық мүсіні туристер үшін жабылды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

АҚШ-тағы Азаттық мүсіні туристер үшін жабылды

  • 331
АҚШ-тағы Азаттық мүсіні туристер үшін жабылды awesomeworld.ru

Нью-Йорктің ең маңызды символдарының бірі Азаттық мүсіні сенбі күні туристер үшін уақытша жабылды.

Оған федералды үкіметтің қаржыландыруды тоқтатқаны себеп болған.

Ескерткішке барар жолдың бойына Азаттық мүсінін және Гудзондағы Эллис аралын уақытша жақыннан көруге болмайтындығы туралы жазылған арнайы ескертпе тақтайшалар орнатылған.

Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо көрікті жерлерді тамашалау мүмкіндігін жаңғырту үшін тез арада қажетті қаржы көзін табатынын мәлімдеді. Өз сөзінде ол мүсінді АҚШ-тың маңызды нысаны санайтынын атап өтті.

Сондай-ақ уақытша жабылған өзге де туристік нысандардың қатарында ұлттық саябақтар мен мұражайлар да бар. Олар тек белгіленген режімде ғана жұмыс істейді.

«Ұлттық саябақтардың тек бірқатары ғана саяхатшылар үшін ашық. Біз қалғандарын да көріп, тамашалау үшін бар күшімізді саламыз», – деп АҚШ-тың ішкі істер министрі Райан Зинке өзінің Twitter парақшасында жазды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде