Түркияның Сириядағы «Зәйтүн бұтағы» әскери операциясы жалғасып жатыр - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Түркияның Сириядағы «Зәйтүн бұтағы» әскери операциясы жалғасып жатыр

Түркияның Сириядағы «Зәйтүн бұтағы» әскери операциясы жалғасып жатыр

Түркияның Сириядағы Африн аймағында «Зәйтүн бұтағы» деген атаумен әскери операциясы жалғасып жатыр.

Түрік қарулы күштері бас штабының мәліметі бойынша, әуе күштерінің 72 ұшағы күрд жасақтарына тиесілі 113 нысанның 108-ін бомбалады. Ал бүгін түрік армиясы іс-қимылды құрлық әскерлері арқылы жалғастырып жатыр. Осы мақсатта 150 әскери техника жұмылдырылған.

Атап өту керек, бұл Түркияның Шам еліне жасап отырған алғашқы әскери операциясы емес. 2016 жылдың тамыз айында Сирияның Джараблус пен Әл-Баб қалаларын террорлық топтардан азат ету үшін «Эвфрат қалқаны» операциясын жүргізген болатын. Бұл әскери қимыл 7 айға созылды.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының Президенті:

- Африн операциясы құрлықта басталды. Манбиджте бізге берілген уәде орындалған жоқ. Сондықтан бізге қарсы ешкім еш нәрсе айта алмайды. Біз адым-адым Ирактың шекарасына дейін елімізге қауіп төндіріп тұрған террорлардың көзін жоямыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде