Бельгияда лаңкестік қауіп екінші деңгейге төмендетілді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Бельгияда лаңкестік қауіп екінші деңгейге төмендетілді

Бельгияда лаңкестік қауіп екінші деңгейге төмендетілді

Егер бұрын елде  лаңкестік әрекеттер болуы мүмкін деп есептелсе, енді мұның болуы екіталай деп саналады.

Еске салып кетсек, 2016 жылдың 22 наурызында Брюссель әуежайы мен метрода болған шабуылдардан кейін Бельгияда лаңкестік қауіптің ең жоғары төртінші деңгейі жарияланған болатын.

Екі күн өткеннен кейін 24 наурызда қатер үшінші деңгейге дейін төмендетілді. Брюссельдің бүкіл көшелері мен қоғамдық орындары, вокзалдар мен метрода әскер мен полицейлерден құрылған топтар кезекшілік еткен.

Жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 1250 жауынгер жұмылдырылған еді. Қауіп деңгейі төмендегенмен, сарбаздар көшелердегі кезекшілігін жалғастырады, бірақ саны азаяды.  Осы шешім бюджетті үнемдеп, әскерге түскен салмақты азайтады. 

Шарль Мишель, Бельгия Премьер-Министрі:

– Әрине бұл жақсы жаңалық, дегенмен сақ болуымыз қажет. Қауіп деңгейінің екінші дәрежеге төмендеуі бұл  бүкіл мәселе бір жола  шешілді дегенді  білдірмейді. Жалпы қатер азайды. Бірақ бүкіл Еуропа, оның арасында Бельгияда болған лаңкестік шабуылдардан кейін соңғы жылдары  қол жеткізген  қауіпсіздігімізді сақтап қалуымыз керек.

 

 

 

 

 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде