USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

Зілзала жайлы дабылды ақпарат жинайтын жер серік ғарышқа ұшырылды

  • 622
Зілзала жайлы дабылды ақпарат жинайтын жер серік ғарышқа ұшырылды

Жер сілкінісін болжау тәсілдерін ғалымдар ғарыштан іздеп жатыр.

Қытайдың CSES жер серігі Гоби шөлінен ғарышқа ұшырылды. Ол алдағы зілзала жайлы дабылды ақпараттарды жинауы тиіс. Бұл жоба бойынша Қытай-Италия ғалымдар тобы бірігіп, жұмыс істеп жатыр. «Жер сілкінісінің алдындағы тектоникалық сынықтар электромагниттік толқындардың ағынымен бірге жүреді», – дейді ғалымдар. Толқындар жердің электромагниттік өрісін бұзып, оның параметрлері бойынша ауытқуларды қоздырады. Жер серік олар жайлы ақпаратты заманауи жабдықтармен анықтап, Жерге жіберіп отырады. Римдегі Тор Вергат университетінің зертханасында борттағы тоғыз құралдың бірі – элементар бөлшектердің детекторы құрастырылған. Итальяндық физиктер бұл феноменді ұзақ уақыт зерттеп, бұрын-соңды байқалғанын айтады. Жапонияда 2011 жылғы ең күшті жер сілкінісінен 40 минут бұрын Жердің радиациялық белдеуінде кейбір бұзылулар тіркелген екен. Дегенмен нақты қорытындылар үшін зерттеуді жалғастыру қажет.

Пьерджорджио Пикоцца, Tor Vergata университетінің профессоры (INFN):

– Менің ойымша бұл зерттеу өте күрделі, заманауи және қымбат. Жер сілкінісі жайлы ғарыштан зерттеу – шешуші қадам. Неге дейсіз ғой? Себебі өте қарапайым ғарыштан ғаламдық ауқымда барлығын көре аламыз. Және жер сілкінісі кезінде жер серіктің дәл сол маңайда болуы маңызды емес. Егер ол басқа аймақта болса да, біз қажетті мәліметтерді аламыз. Ал жер бетінде тек шектеулі аумақты бақылауға болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде