USD 325.75

EUR 382.61

РУБ 5.31

Трамп АҚШ бюджетінің шығынын қысқартуды көздейді

  • 208
Трамп АҚШ бюджетінің шығынын қысқартуды көздейді

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы 10 жылда бюджет шығынын 3 триллион долларға азайтуды көздеп отыр.

Бұл туралы «Вашингтон Пост» газеті Трамп әкімшілігіне сілтеме жасап жазды.

Басылымның хабарлауынша, Ақ үй басшысы Конгресс талқылауына ұсынғалы отырған жобасын келесі жылдан бастап жүзеге асыратын көрінеді. Онда ел инфрақұрылымын жаңартуға 200 миллиард, шекара қауіпсіздігі мен иммиграциялық бақылауды күшейтуге 23 миллиард, есірткімен күреске 17 миллиард доллар қаржы бөлу қарастырылған. Бірақ мамандар қаржы қанша жерден үнемделсе де ел бюджетінің дефицитін жою мүмкін еместігін айтты. Ал болжам бойынша 2019 жылы бұл көрсеткіш 1 триллион доллардан асып түсуі ықтимал. Өткен жылы оның көлемі 666 миллиардты құраған.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде