Нью-Йоркте қазақстандық экологиялық ұйымдар ассоциациясының тұсаукесері өтті - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Нью-Йоркте қазақстандық экологиялық ұйымдар ассоциациясының тұсаукесері өтті

Нью-Йоркте қазақстандық экологиялық ұйымдар ассоциациясының тұсаукесері өтті

Нью-Йорктегі G-Global алаңында Қазақстанда таяуда құрылған Әлия Назарбаева басқаратын Экологиялық ұйымдар ассоциациясының тұсаукесері өтті.

Еске сала кетсек, «жасыл» экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг Ассоциацияның қамқоршылық кеңесіне қабылданған болатын. Экологиялық қоғамдастық «жасыл» экономиканы дамытуға, қоршаған ортаны жақсартуға және күш-жігерді біріктіруге бағытталған.

Ерлан Бұзұрбаев, ҚР экологиялық ұйымдар Ассоциациясы президиумының мүшесі:

- Әлемдік қоғамдастық деңгейінде аталған мәселені талқылау және экология жөнінде жүйелік стратегиялық шешімдер жасауға барлық қатысушыларды тарту үшін осы G-Global алаңын пайдаланғымыз келеді. Біздің Елбасы «жасыл» технологиялар орталығын құруға бастамашы болғанын барлығы біледі. Біздің Ассоциация экология бағытында үкіметпен тығыз бірлесіп жұмыс істейтін бейкоммерциялық ұйым болып табылады. Айтылған бастамаларды қолға алып, іске асыру барысында халықаралық тәжірибені ескере отырып, халықаралық сарапшыларды тартқымыз келеді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде