USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

Таиландта «Кобра Голд» халықаралық әскери жаттығулар басталды

  • 98
Таиландта «Кобра Голд» халықаралық әскери жаттығулар басталды

Таиландтың Корат провинциясында «Кобра Голд» атты халықаралық әскери жаттығулар басталды.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. 29 елден 11 мың әскери қатысып жатқан шараның басты ұйымдастырушылары – АҚШ пен Таиланд. Америкалық сарбаздардың саны 7 мыңды құрайды. Сарапшылардың айтуынша, әскери шара екі елдің ынтымақтастығын нығайта түспек. Өйткені 2014 жылғы мемлекеттік төңкерістен кейін қарым-қатынас нашарлап кеткен еді. Жаттығулар 23 ақпанға дейін жалғасады. Мақсат – табиғат апаты жағдайында екі ел жауынгерлері әскери-теңіз кемелері мен әуе күштерінің бірігіп жұмыс істеуін пысықтау.

Глин Т.Дэйвис, АҚШ-тың Таиландтағы елшісі:

– 10 күнге созылатын жаттығулар аймақ үшін өте маңызды. Төтенше жағдай бола қалса, қалай бірлесе жұмыс істеу керектігін пысықтау қажет.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде