USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

Грекияға өтпек болған босқындар апатқа ұшырады

Грекияға өтпек болған босқындар апатқа ұшырады "KÜR" İnformasiya Agentliyi

Түркия жағалауында мигранттар мінген қайық аударылып, 3 адам қаза тапты.

Тағы 5 адам іздестіріліп жатыр. Суға батып опат болғандар: бір сәби мен екі әйел. Оқиға елдің солтүстік-батысындағы Эдирне провинциясында болды. 8 адам қайықпен Грекияға өтпек болған. Бірақ жолда ол аударылып, суға батып бара жатқанда жақын маңдағы тұрғындар байқап қалған.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы қақтығыстардан қашқан босқындар үшін Түркия Еуропаға өтетін бірден-бір жол болып келеді. Қазірдің өзінде бұл елде 3 миллион 500 мың сириялық мигрант бар. Ал ресми дерекке сүйенсек, өткен жылы Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 172 мыңнан астам босқын табан тірепті.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде