USD 318.80

EUR 398.64

РУБ 5.67

Израиль полициясы Б.Нетаньяхуға айып тағуды сұрады

  • 109
  • Media
Израиль полициясы Б.Нетаньяхуға айып тағуды сұрады Kursiv.kz

Израиль полициясы премьер-министр Биньямин Нетаньяху сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыптап, прокуратурадан оған қарсы іс қозғауды сұрап отыр.

Себебі полиция 2 жыл жүргізген тергеудің нәтижесінде осындай шешімге келген. Құқық қорғау органының мәлімдеуінше, премьер-министр бай адамдардан ондаған мың доллар тұратын қымбат сыйлықтар алған. Сонымен қатар «Едиот Ахронот» газетімен үкімет жұмысын жақсы қырынан көрсету жөнінде құпия келісімге отырған. Есесіне басылымның бәсекелестеріне қарағанда, мүмкіндіктерін арттыруға уәде берген. Ал айыптаудан кейін Биньямин Нетаньяху телеарнадан халыққа жолдау жасап, өзінің еш кінәсі жоқ екенін мәлімдеді. Енді үкімет басшысына ресми айыпты тағу мәселесін бас прокурор шешуі тиіс. Ал әділет министрлігі Нетаньяхуға айып тағылған күннің өзінде ол өз қызметін атқара бере алатынын жеткізді. 

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- Үкімет басқарғалы бері мені биліктен кетіру үшін 15 мәрте тергеу жүргізілді. Олардың кейбірі полицияның қазіргідей негізсіз қорқытып-үркіткен кеңесімен аяқталды. Бірақ одан ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Бұл жолы да солай болары анық.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде