USD 335.94

EUR 389.

РУБ 5.38

Шри-Ланкада нөсер салдарынан көз жұмғандар саны артты

  • 52
Шри-Ланкада нөсер салдарынан көз жұмғандар саны артты

Шри-Ланкада толассыз жауған жауын-шашын мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандардың саны 9-ға жетті.

Бұған дейін табиғаттың тосын мінезінен 5 адамның ажал құшқаны жарияланған еді. Аралдың оңтүстік-батысында 6 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болып отыр. Жергілікті билік оларды арнайы лагерьлерге орналастырды. Дерек бойынша, апат салдарынан мыңдаған тұрғынның үйі қирап қалған. Айта кетейік, Шри-Ланкада 2017 жылы қатты нөсерден сел жүріп, 200-ден астам адам қаза тапқан болатын. Тағы 78-і із-түзсіз жоғалып кетті.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде