USD 335.94

EUR 389.

РУБ 5.38

Бразилияда қымбатшылыққа наразы жүргізушілер жолды бөгеп тастады

  • 60
Бразилияда қымбатшылыққа наразы жүргізушілер жолды бөгеп тастады

Бразилияда 4 күн бұрын басталған ереуіл әлі жалғасып жатыр. Жиналған халық дизель отыны бағасының қымбаттауына байланысты наразылықтарын білдірді.

Осы шара елдің экономикасына да әсер етті. Дүкендерде азық-түлік тапшы. Ал шерушілердің саны 1 милионнан асты.

Айта кету керек, жүргізушілер 23 провинцияның 3 жүзден аса жолын бөгеп, қарапайым жұрт қозғалыссыз қалды. Жаппай ереуіл елдегі ірі мұнай компаниясы «Петробраз» (Petrobras) дизель отыны бағасының қымбаттағанын жариялағаннан кейін басталды. Бағаның өсуіне әлемдік нарықтағы электр тасығыш құралдары құнының өсуі тікелей әсер етті дейді компания басшылары. Алайда ереуілшілер «үкімет басындағылар бұл жағдайды әдейі ушықтырып отыр» дегенді алға тартады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде