Сана қаласына әуеден соққы жасалды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Сана қаласына әуеден соққы жасалды

  • 146
Сана қаласына әуеден соққы жасалды

Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы Йемен астанасы Сана қаласыдағы мұнай компаниясына әуеден соққы жасады.

Жергілікті ақпарат құралдарының дерегі бойынша шабуыл салдарынан кемі 5 адам қаза тапты. Тағы 12 кісі жарақат алған. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Бұл соққыға йемендік бүлікшілердің Сауд Арабиясы оңтүстігіндегі әуежайға шабуыл жасауы түрткі болған.

Естеріңізге сала кетейік, йемендік үкімет күштері мен көтерілісші хуситтер арасындағы қарулы қақтығыс 2014 жылы басталған. Бір жыл өткен соң араб елдерінің коалициясы Йеменнің ресми билігін қолдайтынын білдіріп, елге әскерін кіргізді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде