Сеул мен Пхеньян арасындағы келіссөздер 1 маусымда басталады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 361,07

EUR 409,95

РУБ 5.43

Сеул мен Пхеньян арасындағы келіссөздер 1 маусымда басталады

  • 146
Сеул мен Пхеньян арасындағы келіссөздер 1 маусымда басталады

Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Оңтүстік Корея келіссөз жүргізуді 1 маусымда бастайды.

Солтүстіккореялық Орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, кеше қос тарап президенттері Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин осындай шешім қабылдады. Олар кездесу барысында Корей түбегін қарусыздандыру және бұрын қол қойылған ортақ декларацияны жүзеге асыруға бірлесе күш салуға келісті. Сондай-ақ АҚШ пен Солтүстік Корея саммитіне дайындықты да талқылады.

Жадыңызға сала кетейік, ол кездесу 12 маусымда Сингапурде өтетін болып белгіленген еді. Ақ үй басшысы райынан қайтып, бірақ кейін бұл саммиттің ұйымдастырылатынын мәлім етті.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде