USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Ташкентте жастардың жат ағымдарға еруіне қарсы түруға арналған конференция өтті

Ташкентте жастардың жат ағымдарға еруіне қарсы түруға арналған конференция өтті

Ташкентте «Экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудағы жастардың рөлі» деген тақырыпта халықаралық конференция өтіп жатыр.

Оған Америкадан бастап, Еуропа мен Орталық Азия елдерінің сарапшылары мен жастары келді. Олар екі күн бойы лаңкестікке қарсы күресте өскелең ұрпақтың алар орнын талқыламақ. Жиында сөз алған әлемдік сарапшылар Жаһандану заманында білімді сана ғана уланбайды. Сондықтан, жастар әлемдік үрдістерден әрдайым хабардар болып отыруы керек. Оған қоса білім беру мен жұмысқа орналастыру өзекті екенін айтып отыр. Өйткені осы екі фактор жастардың лаңкестік ұйымдарға еріксіз кіруіне себеп болады екен. Көбіне Орталық Азия елдерінен шетке жұмыс іздеп не оқуға барған жастар жат ағымдардың жетегінде кетіп жатады. Сондықтан оған дұрыс діни көзқарас пен нақты ақпарат жеткізілуі керек. Сонда ғана қоғамда жастардың рөлі артып, экстремизмге тосқауыл болатын негізгі күш пайда болады.

Екатерина Горбунова, Өзбекстан жастар одағы халықаралық бөлімінің басшысы:

- Жастар әрдайым айналада болып жатқан оқиғалар мен жаңалықтардан хабардар болуы қажет. Сонда ғана сырттан келетін түрлі жат пиғылдағы иделогияның әсері болмайды. Егер біз жастарымызға дұрыс бағыт көрсетіп, азаматтық ұстаным мен толыққанды білім берсек, онда олардың таңдар жолы да дұрыс болмақ.

Дина Игілікова, форумға қатысушы:

- Жастарды бақылауда ұстап тұрудан аулақ болған дұрыс. Олар өздігінен әрекет етуге үйренуі керек. Сонда ғана ғана әр түрлі шығармашылық жетістікке қол жеткізеді. Екіншіден, қауіпсіз орта қалыптастыру. Адамдар өз ойларын ортаға бүкпей, ашық салуы керек. Бетперде киіп мүләйімсудің қажеті жоқ. Бар мүмкіндік жасап беру керек. Үшіншіден, ең бастысы ол ғылым мен философияны қаржыландыру керек. Өйткені бұл кез-келген әрекетке қарсы қолданатылатын негізші қозғаушы күш болып табылады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде