352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та фестиваль кезінде атыс болып, 20 адам зардап шекті

  • 211

АҚШ-та фестиваль кезінде атыс болып, салдарынан кемінде 20 адам жарақат алды.

Оқиға елдің Нью-Джерси штатындағы Трентон қаласында болған. 16 кісі оққа ұшқан, 4-еуі қазір ауыр халде ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің арасында бала бар. Бұл туралы «Associated Press» агенттігі хабарлады. Ресми дерек бойынша, қастандықты екі адам жасаған. Біреуінің жасы 33-те екені белгілі болды. Оны полицейлер жер жастандырып үлгерген. Ал екіншісі туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Оларды шабуыл жасауға не итермелегені анықталмады. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, фестивальде мыңға жуық адам болған.

Эдвард Форчион, куәгер:

– Атыс басталған сәтте келушілерді суретке түсіріп жүрген едім. 10 мәрте оқ атқанын естідім. Қасымдағы 3 адам жерге құлап түсті.

Хабар 24 телеарнасы