Сирияда лаңкестер Дераа қаласынан көшіріліп жатыр - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Сирияда лаңкестер Дераа қаласынан көшіріліп жатыр

  • 125
Сирияда лаңкестер Дераа қаласынан көшіріліп жатыр

Сирияда лаңкестер мен олардың отбасылары Дераа қаласынан Идлиб провинциясына көшіріле бастады.

Бұл туралы Сана агенттігі хабарлады. Ақпарат құралдарының дерегі бойынша, шаһардан 400-ден астам содыр шығарылды. Айта кетейік, үкімет жасақтары шаһарды шабуылдауды 19 маусымнан бастап, оның маңындағы көптеген елді мекенді өзінің бақылауына алған. Алайда әскери қимылдардың салдарынан 230 мыңнан астам тұрғын босқынға айналды. Олар негізінен көрші Кунейтра провинциясы мен Иорданиямен шекара маңындағы өңірлерге бас сауғалады. 2011 жылы Сирия президенті Башар Асадқа қарсы көтеріліс дәл осы қаладан басталған болатын.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде