Мексика президенті қанша айлық алатыны белгілі болды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,72

EUR 409,95

РУБ 5.36

Мексика президенті қанша айлық алатыны белгілі болды

  • 129
Мексика президенті қанша айлық алатыны белгілі болды

Андрес Мануэль Лопес Обрадор Мексика президенті қызметіне кіріскенде қанша көлемде жалақы алатынын жариялады.

Оған айына 108 мың песо, яғни 5 мың 500 доллар төленеді екен. Бұл сома қазіргі мемлекет басшысы Энрике Пенья-Ньето алатын айлықтан 40 пайызға кем.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Обрадор бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында өзінің еңбекақысын азайтуға уәде берген еді. Сонымен қатар ол шенеуніктердің жалақыларын қысқартатын да тілге тиек етті. Енді елдегі ешбір мемлекеттік қызметкердің айлығы президенттікінен жоғары болмайды.

Айта кеткен жөн, Обрадор қызметіне 1 желтоқсанда кіріседі.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде