Жапонияда лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 200-ден асты - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Жапонияда лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 200-ден асты

  • 88
Жапонияда лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 200-ден асты

Жапонияның оңтүстік-батыс және орталық аймақтарындағы су тасқыны мен лай көшкіндерінен қаза тапқандардың саны 225-ке жетті.

Тағы 14 тұрғын іздестіріліп жатыр. Табиғат апатынан елдің ондаған префектурасы зардап шекті. 4 жарым мың адам әлі үйлеріне орала алмай, уақытша орталықтарды паналауда. Көптеген ауданда жарық пен ауызсу жүйесі бұзылған. Дүкендер әлі жұмыс істемей жатыр. Биліктің мәлімдеуінше, жалпы табиғат апатынан келген шығынның көлемі 697 миллион долларға жеткен. Еске сала кетейік, осы айдың бас Жапонияның оңтүстік-батыс және орталық аймақтарына «Прапирун» дауылы соғып, оның соңы жауынға ұласты. Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан су тасқыны мен лай көшкіні жүріп, елдің ауыл, орман және балық шаруашылығына орасан зор шығын келген.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде