Доминикандағы жағалауды қоқыс басып қалды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,72

EUR 409,95

РУБ 5.36

Доминикандағы жағалауды қоқыс басып қалды

  • 97
Доминикандағы жағалауды қоқыс басып қалды

Доминикан Республикасындағы жағалауларды қоқыс басты. Елдегі бір ғана жағажайға мұхит суының ағысымен мың тоннадан аса қалдық келген.

Үкімет экологиялық мәселенің ушығуына байланысты дабыл қағып, шұғыл шаралар жүргізуде. Алайда тазарту жүргізуге арналған техника да, адамдар саны да жеткіліксіз болып тұр.  Жергілікті тұрғындар қоқысты қымбат шипажайлар жанынан жақында тұрғызылған қалқыма көпір жинайды деп наразы. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, жағажайларды жедел тазалау жұмыстарына бір апта ішінде 10 миллион доллар қаржы жұмсалған. Су беті 400 тоннаға жуық қалдықтан тазартылды, бірақ әлі 600 тоннаға жуық қоқыс бар. 

Луис Карважал, эколог:

- Құрамында улы химикаттары бар пластикалық шөлмектер мен металл қалдықтары жағажайдың кескінін ғана кетірмейді, демалуға келген адамдардың денсаулығына да қыруар зиянын тигізеді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде