Сирияда «Ақ дулыға» белсенділерінің бірін көшіру сәтсіз аяқталды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,72

EUR 409,95

РУБ 5.36

Сирияда «Ақ дулыға» белсенділерінің бірін көшіру сәтсіз аяқталды

  • 81
Сирияда «Ақ дулыға» белсенділерінің бірін көшіру сәтсіз аяқталды

Үкіметтік емес «Ақ дулыға» ұйымы құрамындағы топтардың бірінің белсенділерін Сириядан көшіру операциясы сәтсіз аяқталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, аймақтағы тұрақсыз ахуалға байланысты олар шекарадан өте алмаған. Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен басқа да ел басшыларының өтінішімен Израиль үкіметі ұйым мүшелерін мен отбасыларын Сириядан көшіруді бастаған. Нәтижесінде қазіргі уақытқа дейін 800 адам көршілес Иорданияға эвакуацияланды. 50 белсендіге Канада тарапы саяси баспана беретін болды. Тағы 8-іне Германия үкіметі көмек көрсетеді.

Айта кету керек, Дамаск тарапы «Ақ дулыға» ұйымының «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік ұйымымен қатысы болуы мүмкін деп күдіктенеді. Сонымен қатар АҚШ оларға 2013-ші жылдан бері қаржылай көмек беріп келеді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде