359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда көпірдің опырылуынан қаза тапқандар саны 22 адамға жетті

  • 101
Италияда көпірдің опырылуынан қаза тапқандар саны 22 адамға жетті

Италияның Генуя қаласында көпір опырылып, 22 адам опат болды.

Олардың арасында 1 кішкентай бала бар. Тағы 7 адам түрлі деңгейде жарақат алып, олардың бесеуі ауыр халде жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес 10 кісі іс-түзсіз жоғалғандар қатарында. Осыған дейін 11 адамның көз жұмғаны туралы хабарланған болатын. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша алып, көлік өткелі үйлердің үстіне құлаған. Нысандардың ішінде әзірге қанша адам болғаны белгісіз. Апат болған аумақта қозғалыс тоқтатылып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы