356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия АҚШ-тан импортталатын электроника тауарларына тыйым салды

  • 190
Түркия АҚШ-тан импортталатын электроника тауарларына тыйым салды

Түркия енді АҚШ-тан электроника тауарларын сатып алмайды. Бұл Ақ үйдің жаңа санкцияларына қайтарылған жауап сыңайлы.

Ел президенті Режеп Тайип Ердоған осындай мәлімдеме жасады. Түркия басшысы Америка Құрама Штаттарының санкциясын «экономикалық шабуыл» деп қабылдады. Бүгінгі Түркия кез келген қажетті құрал-жабдықты өндіруге қабілетті екендігі алға тартылды.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті:

- Ертеректе мұның бәрі астыртын жасалатын еді. Ал енді сауда соғысы ашық түрде жүзеге асып жатыр. Осы мәселеге қатысты біз екі түрлі жауап қайтара аламыз. Бірі экономикалық,  екіншісі саяси тұрғыдан. Одан бөлек біз АҚШ-тан ешқандай электроника тауарларын сатып алмайтын болып шештік. Қаражатты сыртқа шашпай, ондай дүниені өзіміз-ақ өндіріп шығаратын боламыз. Біздің оған мүмкіндігіміз жетеді.

Хабар 24 телеарнасы