352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР СІМ: Италияда көпір құлауынан мерт болғандар арасында қазақстандықтар жоқ

  • 120

Генуяда құлаған көпір астында қалып мерт болғандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрілігі мәлімдеді. Ал Генуя қаласының бас прокуроры Франческо Коццидің айтуынша, бұл қайғылы оқиғаға адам факторы себеп. Дегенмен, нысанның нақты неден құлағаны толық анықталған жоқ. Тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, кеше Генуя қаласында көпір құлап, 38 адам опат болған еді. Тағы 16-сы жарақат алған. Апат кезінде көпір үстімен 35-ге жуық жеңіл және 3 жүк көлігі кетіп бара жатқаны белгілі болды. Ал куәгерлер сол кезде жаңбыр жауып, жай түскенін айтады. Қазір оқиға орынында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған 200-ден астам маман жұмылдырылған. Кей мәліметке қарағанда, қирандылар астында әлі де адамдар болуы ықтимал. Сондай-ақ көпірдің қалған бөлігінің қирауы мүмкін екені ескеріліп, жақын маңдағы тұрғындар қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Хабар 24 телеарнасы