369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кубада мобильді интернет сынақтан өтті

  • 109

Куба телекоммуникациялық компаниясы ұялы телефон пайдаланушыларына интернет қызметтерін көрсету бойынша сынақ өткізді.

Сейсенбі күні 5 миллионнан аса тұтынушыға сегіз сағат бойы ғаламторға тегін қосылуға мүмкіндік берілген. Ал компания өкілдері тақауда елді қызметтің осы түрімен толық көлемде қамтитынын мәлімдеді. Жалпы осы күнге дейін Куба әлемдегі интернет желісі нашар дамыған елдердің бірі болып келді. Аралда ғаламторға кіруге мүмкіндік беретін Wi-fi орындары болғанмен, тұрғындарының басым бөлігі үйінде интернетке қосыла алмайтын.

Хелен Сантандер, Гавана тұрғыны:

- Үйден ғаламторға қосылып, қалағаныңша сөйлей аласыз, әрі бөтен біреулер әңгімеңізді тыңдамайды. Ал көшеде құлаққап тақсаңыз да, айтқаныңызды бәрі естиді.

Хабар 24 телеарнасы