361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда неолит дәуіріндегі ескерткіштер табылды

  • 142
Ұлыбританияда неолит дәуіріндегі ескерткіштер табылды

Ұлыбританияда неолит пен қола дәуіріндегі құрылыстардан патшайым Елизавета біріншінің заманына дейінгі ескерткіштер табылды.

Мамандар жәдігерлерді дрондардың көмегімен анықтады. Ғалымдардың айтуынша, олар осы өңірдегі адамдардың неолит дәуірінен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі өмір сүру салтын, жүргізген шаруашылықтарын және қоршаған ортамен байланысы туралы тың мәліметтер береді.  

Дэмиен Грейди, Historic England қоғамдық ұйымының жетекшісі:

- Табылған ескерткіштердің арасында темір және қола дәуірдегі діни орындар, Рим фермалары, ортағасырлық қоныстар, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі лагерьлер бар. Біз бұл нысандарды мұқият зерттеп олардың кейбіреуіне мемлекеттік қорғау мәртебесін беру мәселесін қарастыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы