352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мадуро Венесуэладағы ең төменгі жалақы мөлшерін 60 есе өсірді

  • 102
Мадуро Венесуэладағы ең төменгі жалақы мөлшерін 60 есе өсірді

Венесуэлада 20 тамыздан жаңа ақша айналымға енетін болып, елдегі ең төменгі жалақының мөлшері 60 есе өсті.

Бұл туралы президент Николас Мадуро мәлімдеді. Оның айтуынша, осы валютамен бірге мемлекетте Эль Петро деп аталатын криптовалюта да қолданысқа енгізіледі. Жаңа боливар құны криптовалюта бағамымен байланысты болады. Бір Эль Петроның бағасы 60 АҚШ доллары немесе 3 мың 600 боливар. Ал ең төменгі жалақы осы криптовалютаның жартысына дейін ұлғайтылмақ.

Айта кетейік, Венесуэлада бірнеше жылдан бері экономикалық дағдарыс жалғасып келеді. Оған әлемдегі мұнай бағасының арзандап, ұлттық валютаның құнсыздануы себеп. Салдарынан елде азық-түлік пен дәрі-дәрмек және басқа да тұрмысқа қажетті заттар тапшы. Халықтың басым бөлігі ашқұрсақ жүр. Соңғы кезде көрші елге бас сауғалаған тұрғындар саны артты.

Хабар 24 телеарнасы