352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пәкістанда жаңа премьер-министр сайланды

  • 121

Пәкістанның жаңа Премьер-министрі болып, «Әділеттік үшін қозғалыс» партиясының жетекшісі Имран Хан сайланды.

Оның кандидатурасын Ұлттық ассамблеядағы 272 депутаттың 176-сы қолдады. Ал «Пәкістан мұсылман лигасы» партиясының басшысы Шебхаз Шарифті 96 депутат жақтап дауыс берді. Сөйтіп шілде айында парламенттік сайлауда жеңіске жеткен «Әділеттік үшін қозғалыс» лидері жеңіске жетті.

Айта кетейік, Имран Хан 1952 жылы Пәкістанның Пенджаб провинциясындағы Миянвали қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Ұлыбританиядағы Окс-форд университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдайды. Университет қабырғасында крикет спортымен айналысып, кейін ұлттық құраманың сапында өнер көрсетеді. Ал 1996 жылы «Әділеттік үшін қозғалыс» партиясын құрып, елдің саяси өміріне араласа бастайды.

Имран Хан, Пәкістанның жаңа премьер-министрі:

- Біз елде жауапкершілікті күшейтетеін боламыз. Мемлекетті тонап, талан-таражға салғандармен күресуге уәде етемін. Халқымыз 70 жыл бойы аңсаған өзгерісті жасауға бар күшімді саламын.

Хабар 24 телеарнасы