361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда су тасқынынан көз жұмғандар саны 324-ке жетті

  • 104
Үндістанда су тасқынынан көз жұмғандар саны 324-ке жетті BBC.com

Үндістанның Керала штатында нөсер мен су тасқынынан қаза тапқандардың саны күн санап артып, 324-ке жетті.

200 мыңнан астам тұрғын уақытша лагерьлерге көшірілген. Аймақтағы 6 ірі шаһарды су басты. Тасжол мен бірге теміржолдар да қирап, қатынас үзілген. Тасқыннан шай, кофе және өзге де егістік алқаптары бүлінді. Қазір аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған әскерилер, тікұшақтар мен жүздеген қайық жұмылдырылды. Құтқарушылардың айтуынша, адамдар көбіне жауынға аса мән бере қоймай, бейқам жүреді. Соның салдарынан қиындыққа тап болады. Енді билік тұрғындарды эвакуациялау туралы нұсқауды орындауға шақырып отыр.

Айта кетейік, әдетте Үндістанда қыркүйекке дейін жаңбырлы маусым. Бірақ Керала штатының билігі мұндай апат соңғы 100 жылда болмағанын айтады. Ал ауа райын болжаушылар жауын әлі де жалғасатынын хабарлады. 

Хабар 24 телеарнасы