352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Генуяда көпір астынан бір отбасы мүшелерінің денесі табылды

  • 118
Генуяда көпір астынан бір отбасы мүшелерінің денесі табылды

Генуя қаласындағы қираған көпірдің астында қалған көліктен 9 жастағы баласы бар ерлі-зайыптылардың өлі денесі табылды.

Сөйтіп апаттан қаза тапқандардың саны 42-ге жетті. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ауруханаға түскен 2 тұрғынның халі ауыр. Тағы екеуі із-түзсіз жоғалып табылмай жатыр.

Еске сала кетейік, тамыздың 14-і күні Генуядағы көлік жолы бойындағы көпір опырылып, тұрғын үйлер мен теміржолдың үстіне құлаған еді. Апат кезінде оның үстінде 30-дан астам көлік болған. Қалалық прокуратураның мәлімдеуінше, қайғылы оқиға кездейсоқтық жағдай емес, адам факторы себеп. Осыған дейін елдің көлік министрі апатқа көпірді жөндеу жұмыстары тиісті дәрежеде жүргізілмеген деп пайымдаған. Ал экономика министрі Луйджи Ди Майо барлық кінәні көлік жолдарын басқару және жөндеумен айналысатын компанияға артып отыр.

Хабар 24 телеарнасы