352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иран туристердің төлқұжатына қойылатын мөрдің күшін жояды

  • 132
Иран туристердің төлқұжатына қойылатын мөрдің күшін жояды Morteza Nikoubazl/Reuters

Иран үкіметі елге саяхаттап келетін шетелдік туристердің жүгін біраз жеңілдетуді көздеген сыңайлы.

Себебі таяуда мұндағы үкімет туристердің төлқұжатындағы елге кіру мен шығу туралы басылуы тиіс мөрді мүлде қоймайтын болады.

Бұл туралы Mehr агенттігі хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, бұл қадамға баруға АҚШ-тың Иранға қарсы салған санкциялары мәжбүрлеген. Себебі АҚШ Иранға қатынағаны үшін санкция қолдануы мүмкін кейбір жекелеген азаматтар мұндай қысылтаяң шақта шекараны еш қиналмай кесіп өтуі керек екен.

Қазір бұл шешімді Иран сыртқы істер министрлігі және өнеркәсіп пен сауда палатасы мақұлдаған.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы