356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Генуяда құлаған көпір қайта салынатын болды

  • 109

Нысанды тұрғызған компания басшылығы көпірді қалпына келтіруге 500 миллион еуро бөлді.

Сондай-ақ апат кезінде қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтып, кешірім сұрады. Ал көпірдің опырылуынан қаза тапқандардың саны 43-ке жетті. Кеше құтқарушылар қираған көпірдің астынан көлікті тауып, оның ішінен 9 жастағы баласы бар ерлі-зайыптылардың мәйітін алып шықты. Сонымен қатар ауруханада жатқан бір адам көз жұмды.

Еске сала кетейік, 14 тамыз күні Генуядағы көлік жолы бойындағы көпір опырылып, тұрғын үйлер мен темір жолдың үстіне құлаған еді. Апат кезінде оның үстінде 30-дан астам көлік болған.

Хабар 24 телеарнасы