352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль Газа секторымен арадағы бақылау бекетін жапты

  • 115

Жұма күнгі қанды қақтығысқа жауап ретінде Израиль үкіметі Газа секторымен арада орналасқан «Эрез» бақылау бекетін жауып тастады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, тексеру пункті тек гуманитарлық қажеттілік туындаған кезде ғана ашылады. Ал мамандар бекеттің жабылуы жай ғана көзбояушылық әрекет дейді. Себебі палестиналықтар оны мүлдем қолданбайды.

Айта кету керек, «Оралу шеруі» атты наразылық акциясы Газа секторының әр ауданында 30 наурыздан бері жұма сайын өтіп тұрады. Қанды қақтығыс пен шабуылдар да басылмай тұр. Соңғы ақпарат бойынша ереуіл салдарынан осы уақытқа дейін 160-тан астам палестиналық қаза тауып, 17 мыңнан астамы түрлі деңгейде жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы