356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда қайтадан жер сілкінді

  • 121
Индонезияда қайтадан жер сілкінді

Индонезияның Ломбок аралында осы айда үшінші рет жер сілкінді. Қуаты 6 балдан асқан зілзала дүмпуі солтүстік жағалауда тіркелді.

Әзірге қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Алайда ғимараттарға зақым келген. Қазір мамандар оның көлемі мен шығынын анықтап жатыр.   Еске сала кетейік, 5-ші тамызда да Ломбок аралында 7 балдық жер сілкінісі болып, оның артынша 5,4 және 4,3 балдық дүмпулер болды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, табиғи апат салдарынан 450 адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы