Иран Парсы шығанағында Оңтүстік Корея танкерін ұстады

Иран Парсы шығанағында Оңтүстік Корея танкерін ұстады

Иран Парсы шығанағында Оңтүстік Корея туымен жүзіп бара жатқан мұнай танкерін ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тегераның мәлімдеуінше, Сауд Арабиясының Әл-Джубайл портынан шыққан кеме теңізде экологиялық талаптарды бұзып, қоршаған ортаға зиян келтірген. Бортында 20 экипажы бар танкер Иранның Бендер-Аббас портына жеткізілген. Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі де танкердің ұсталғанын растап, оны тез арада босатуын талап еткен. Оқиға Сеул мен Тегеран арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі кезінде болып отыр. Себебі Оңтүстік Корея АҚШ санкциясына байланысты Иранның банктердегі 7 миллиард доллардан астам қаржысын бұғаттаған.